Қытай Қазақстанға 7,5 миллиард теңге бермек

/uploads/thumbnail/20250822162107131_big.webp

Қытай Қазақстанға қазіргі бағам бойынша 100 миллион юань, яғни 7,5 миллиард теңге көлемінде өтеусіз грант береді. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Келісім-шарт талаптарына сәйкес Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады. 

Басқа мақсаттардың қатарында елдер арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанға қосымша инвестиция тарту бар. Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

 
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар