Бақытжан Төреғожинаға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

/uploads/thumbnail/20250822160130010_big.webp

Алматы қалалық соты әкімшілік іс бойынша құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға шыққан шешімді өзгертпеді,деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

“Қаулыныі оқымай-ақ, тып-тыныш сот кабинетіне салып қойған. Өзгеріссіз қалдырды. Айыппұл төлеуге көмектескісі келгендер жекеме жазыңыздар! 78 640 теңге” деп жазды Бақытжан Төреғожина.

“Б.А.Төреғожинаны, оның өкілдері З.Е.Әбілдинаны., М.Х.Аспандиярова, Ш.Б.Бекқұлова, Е.Қ.Қалиев, Ғ.Б.Нұрпейісовті тыңдап, іс материалдарын, шағым түсіруші жақтың дәлелдерін зерделей келе, апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдыру керек деп санайды. Төреғожинаны кінәлі деп таныған сот қорытындысы істің нақты мән-жайына сәйкес және сот отырыстары барысында алынған тексерілген дәлелдемелерге негізделген” деп жазылған сот қаулысында.

Шілдеде Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты дабыл қаққан Бақытжан Төреғожина “жалған ақпарат тарату” бабымен әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынған еді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар