Конституция күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалады

/uploads/thumbnail/20250822155015866_big.webp

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

30 тамыз, сенбі күні қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен, келесі дүйсенбі де демалыс күні болып есептеледі. Бұл ақпарат “Электрондық үкімет” порталында жарияланды.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 30–31 тамыз және 1 қыркүйек – қатарынан үш күн демалыс. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 30–31 тамыз – демалыс күндері, 1 қыркүйек – жұмыс күні.

Қатысты Мақалалар