Сирияда ресейлік әскери Су-30М ұшағы апатқа ұшырап, нәтижесінде екі үшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, ұшақ Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:45-те Хмеймим аэродромнынан ұщып шыққан соң көп ұзамай құлаған.
Алдын ала деректер бойынша, ұшақ қозғалтқышына құсты кіріп кетуі апатқа себеп болған.
Сирияда бұған дейін де ресейлік ұшақ апаттары жиі болып тұрды. Мәселен, 6 наурызда ресейлік Ан-26 әскери ұшағы құлаған. Борт ішінде болған 39 адам түгел мерт болды. Олардың 27-сі офицерлер еді.
Пікір қалдыру