Ұлттық банк жалған ақпарат таратқандар жөнінде полицияға арызданды

/uploads/thumbnail/20180601122218032_small.jpg

Ұлттық Банк ел азаматтарына WhatsApp желісінде бірқатар қазақстандық банктердің тұрақсыз жағдайы туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті.

Мұндай қауесетті таратушылар ҚР Ұлттық банкінің 2017 жылға дейінгі қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді жариялап жіберген, деп деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚР Ұлттық Банкі мұндай ақпарат Ұлттық Банктің жыл сайынғы есебінде де, қаржылық тұрақтылық туралы есепте де, тіпті басқа құжатта да жоқ, ал тарап кеткен мәліметтер жалған ақпараттар», - деп мәлімдеді елдің қаржы бақылаушысы.

Ұлттық Банк тарап кеткен есептер банктың өзі туралы ақпарат екенін айтады. Сонымен қатар онда қаржы жүйесінің және басқа да функциялардың макроэкономикалық жағдайлары жөніндегі мәліметтер бар.

«Ұлттық Банк, қаржы нарығындағы реттеуші ретінде, жеке банктердегі немесе басқа қаржы институттарындағы қаржылық жағдай туралы ақпаратты таратпайды. Қаржы институттарының жағдайын бағалау қадағалау практикасы шеңберінде жүзеге асырылады, содан кейін қажетті түзетулер қабылданады. Тиісінше, Ұлттық Банк  қаржы институттарымен қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді тоқтата тұру туралы дер кезінде ақпарат береді», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық Банк банк секторын жетілдіру және банктердің экономиканы кредиттеу үшін макроэкономикалық жағдайларды жақсарту аясында қазірдің өзінде қабылданған шаралардың нәтижелерін бақылап отырғанын атап өтті.

Жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін Ұлттық Банк құқық қорғау органдарына шағымданды.

Қатысты Мақалалар