Елбасы Денис Теннің ет жақындарына қоңырау шалды

/uploads/thumbnail/20180720164444081_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор мен Ішкі істер министрлерін Денис Теннің өліміне байланысты істі жіті қадағалауға алуды тапсырды. Президенттің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Елбасының осындай нағыз патриот, жастарға үлгі боларлық азаматты тәрбиелеп өсірген ет жақындарына қоңырау шалып, көңіл айтқанын жеткізді.

«Денистен айырылуымыз бәріміз үшін орны толмас қаза. Кінәлілер жауапкершілікке тартылып, өз жазасын алады» депті Елбасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар