Кеше ғана отандық телеарнадан «Азия» тобының 11 жылдық алғашқы есеп беру концерті көпшіліктің назарына ұсынылды.
«Азия» тобы концертте Қайрат Нұртаспен бірге «Шағала қыз» деп аталатын жаңа әнді орындап тұсауын кесті. Ал бізге бұл ән өте таныс боп естілді. Сөйтсек жастар арасында танымалдылығы күн санап артып келе жатқан армениялық поп әнші Лилиттің орындауындағы «GNCHU» әні екен. Жігіттер тойға Лилиттің әнін сұрап айтып шықты ма, әлде жиендік жасады ма әзірге белгісіз. Әйтеуір әннің мәтінен басқа ештеңе өзгермеген. Тыңдап салыстырып көріңіздер!