Ұландық жауынгерлер пышақпен ұмтылған бұзақыны сабасына түсірді

/uploads/thumbnail/20181003160102898_small.jpg

Кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы сарбазды пышақпен жарақаттамақ болған ер адамды құрықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген әскери жасақ жауынгерлері ефрейтор Жасұлан Қыдырбаев, қатардағы жауынгерлер Қазыбек Үйсембаев пен Ербол Бекбаев Абай даңғылының бойында реңі сұсты, өзін бір түрлі ұстаған ер адамды байқайды.

Әскери жасақ мүшелері әлгі кісіні тоқтатып, сырттай тексеру жүргізу барысында белгісіз азамат кенеттен күртешесінің сол жақ қалтасынан пышақ шығарып, қатардағы жауынгер Үйсембаевқа соққы жасауға әрекеттенеді. Шалт қимылдың алдын алған жауынгер қаскүнемнің қолын дер кезінде қағып түсіп қайырып, кісен салады.

Сөйтіп, күдіктіге қатысты толық деректерді анықтау үшін ол Сарыарқа аудандық ІІБ бөлімшесіне жеткізіліп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар