"Әдемі-Ай" компаниясының жаңа кәдесыйлар топтамасының тұсаукесері өтеді

/uploads/thumbnail/20181016111730406_small.jpg

 

2018 жылдың 18 қазан күні «Әдемі-Ай» өнер үйінде танымал топтамашы-этнограф, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдары мұражайының бірден-бір иегері Бахаргүл Төлегенқызы басқаратын «Әдемі-Ай» компаниясының жаңа кәдесыйлар топтамасының  тұсаукесері  және мыңнан аса тарихи құнды ұлттық жәдігерлеріміз жинақталған жеке көрмесінің жаңа бұйымдарының көрсетілімі өтеді деп хабарлайды

Шара мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу. Ұлттық кәдесыйларымызды қазіргі заман талабына сай жаңғырту. Сондай-ақ, Бахаргүл Төлегенқызының өнегелі өмір баспалдақтарын, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда жасап жатқан жұмыстарын жастарға үлгі ету.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар