Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюро Өзбекстандағы Қазақстанның елшісі бюджетке тиесілі қомақты қаржыны өз қалтасына басқанын анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, аталмыш азамат өзінің жоғары лауазымын пайдалана отырып, Өзбекстанда Қазақстан елшілігінің ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған істер бойынша жалған актіге қол қойған. Заңға қайшы іс-әрекетінің нәтижесінде 140 млн теңгеден астам сома зиян келген.
Пікір қалдыру