2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды

/uploads/thumbnail/20180618161453340_small.png

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінде түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Статистика көрсетіп отырғандай соның арқасында мемлекеттік тілді жетік меңгергендердің саны артқан.

Батыс Қазақстан облысын алайық. Онда 641,5 мың адам тұрады. Жылда тұрғындардың мемлекеттік тілді білу деңгейін білу мақсатында қазақ тілінен тестілеу жұмыстары жүргізіледі. 2018 жылы Батыс Қазақстан облысының бірқатар аудандары тестілеуге қатысып, өте жақсы нәтиже көрсетті. «Қазтест»-ке қатысқан аудандарды атап өтер болса, олар: Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары. Биыл тестіге Батыс Қазақстан облысы бойынша 6511 адам қатысты. Олардың 5784-і қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестін тапсырса, 727-сі сертификаттық сынақтан өтті. Тест тапсырған 466 адамның 337-сі сертификат алды. Яғни, қазақ тілін жетік меңгергендің саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл

Биыл бағдарлама аясында ұйымдастырылған курста мыңнан аса адам қазақ тілін үйреніп жатыр. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» арқасында екенін айта кету керек.

Қыркүйекте «Қазтест» жүйесінің бағдарламасын меңгерту мақсатында Республикалық «Қазтест» орталығы мамандарының қатысуымен семинар – тренинг өткізілді.

Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейту - бағдарламаның көздеген мақсаттарының бірі.  

Бағдарлама Республика бойынша қазақ тілінде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының санын арттырып, оны тұтынатын қазақтілді аудиторияна кеңейту. Бұл мақсатта да Батыс Қазақстан облысында ілгерілуе бар. Батыс Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралының саны – 85. БАҚ-тың 83пайызында қазақ тіліне басымдық берілген.

2018 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті телеарналарда «Ана тілім ардағым», «Латын графикасына көшу мәселелері», «Язык – душа народа» айдарларымен отыз бағдарлама патша көңілді көрермен назарына ұсынылды.

Қазақстан халқының тіл мәдениетінің деңгейін арттыру.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Олар, көркемсөз оқу шеберлерінің «Абай оқулары» байқауы, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері сайысы,  үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерге арнайы ұйымдастырылған “Тіл шебері-2018» байқауы, қазақ тілін жақсы білетін орыс жастары арасындағы «Тіл парасат» байқауы, мекемелер мен кәсіпорындар арасында ұйымдастырылған «Жақсы сөз-жанның тынысы» атты облыстық сөз сайысы.

2011 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан еңбек өз нәтижесін беріп жатыр. Игі істердің нәтижесі ретінде қыркүйектің 5-нде өтікізілген «Тіл – тұтастық туы» атты тіл фестивалін атап өтуге болады.

Ал «Тіл – тұтастық туы» атты конкурс - түрлі ұлт өкілдерінің арасында, оның ішінде этно-мәдени бірлестіктердің, көршілес Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдері, зиялы қауым, тіл жанашырларының басын қосатын керемет мейрам.

2018 жылы ұмытылмас сәт болды. Елбасы  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Онда рухани мұрамыз, асыл қазынамыз – ана тілімізді жаңғырту мәселесі мен көрікті Астанамыздың 20 жылдығын насихаттау, сол арқылы ұрпағымызды патриоттық сезімге баулу, елін, дерін сүюге, ұлтын құрметтеуге, тілді дәріптеуге бағытталған.

Қазақ тілінің абыройын асқақтатып, оның мерейін үстем ету үшін өз үлестерін қосқан жанашыр, патриот азаматтардан бастап, ұстаз, ғалымдар мен ақындарды, журналистерді марапаттау да осы бағдарлама аясында жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен іске асқан бағдарлама мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге бағытталған. Ол үшін Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі аудандары да мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқуға және іс – шаралар өткізуге қаражат бөлінді, өзге де игі іс-шараларды өткізу жоспарда бар.

Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау - «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаттарының бірі.

Осы мақсатқа жету жолында Батыс Қазақстан облысы тұрғындары арасында ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылды, әлі де ұйымдастырылады. 2018 жылы ағылшын тілін меңгеріп шыққандар - 864, 200 адамды құрады. Ағылшын тілі курсына 1064 адам қатысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар