Қостанай облысы Меңдіқара ауданының орталығы Боровское елдімекенінде төтенше жағдай орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ alau.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Белгісіз біреулер жергілікті АІІБ (аудандық Ішкі істер бөілімі) ғимаратына оқ жаудырыпты. Қостанай облысы ІІБ аталмыш факт бойынша мынандай мәлімдеме жасады: «Төтенше жағдай 2018 жылдың 16 қазанында болған. Темір тұлпарда отырған базбіреулер полиция бөлімшесіне оқ атып, сосын оқиға орнына қашып кеткен. Жапа шеккендер жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».