Мас күйінде жүріп, «Қазақфильм» ықшам ауданында орналасқан қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан ер адамдарды тұтқындағандығы жайлы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлайды. ҚР ҚК 293 бап 2 тармақ және 107 бап 2 тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қылмыстық істің материалдары бойынша, қақтығыстың себебі қонақ үй күзетшісі жоғарыда аталған мекемеге ішімдікке тойып алған екі ер адамды кіргізуге бас тартқандығынан туындаған. Бұзақылар жанжал шығарып, артынша күзетшіні ұра бастаған. Нәтижесінде, жәбірленуші – 1989 жылы туылған А. есімді азамат мұрын және қолдың сынықтарымен ауруханаға жеткізілді. Ізін суытпай жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі күдікті ұсталды. Ол – 1993 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны Л.есімді азамат және 1990 жылғы Ресей Федерациясының тұрғыны Д.есімді азамат. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деп айтты, Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Өндіріс шеңберінде сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Осы сараптаманың қорытындысы бойынша қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі.
Пікір қалдыру