3 қазаннан бастап Астана қаласында «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы аясында коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге мұқтаж жандардың тізімінде барлар арасында құжат қабылдау басталды.
«ИО «КИК» Тұрғын үй» АҚ бағытына сәйкес, 80 пәтерді сатып алу арқылы жалға беруді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сатып алу арқылы жалға берілетін пәтерлердің мерзімі 20 жылға дейін. Лепсі көшесінде көп қабатты үйлердің пәтерлерінде 1 шаршы метр үшін 838 мың теңге көлемінде болмақ. Олардың 25 пәтері 39,34 шаршы метрден 41,51 шаршы метрге дейін болатын 1 бөлмелі пәтер, 41-і 54,71-ден 67,37 шаршы метрге дейінгі пәтерлер екі бөлмелі, 14-і 76,88-ден 77,69 шаршы метрге дейін үш бөлмелі пәтерлер.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағытының талаптарына сәйкес, бағдарламаға Астана қаласындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тіркелген азаматтар қатыса алады. Оларға қойылатын талаптар мынадай: көп балалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балаларды, жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 және 2-дәрежедегі мүгедектер.
Бұл тізімдегі азаматтарға пәтер үлестіру процесі бір пропорцияда жүзеге асатын болады. Аталмыш бағытқа сәйкес, құжаттар қабылдау 3 қазаннан 5 қазанға дейінгі аралықта өтпек.
«Тұрғын үй» АҚ бағытына сәйкес Астана әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арасында келісім жасалып, оған сәйкес 1 шаршы метрі 120 мың теңге болатындай 21 пәтер салу жоспарға енген. Пәтерлер Астанадағы № 23-31, 23-17, 23-30, A98 көшелерінің қиылысындағы ауданда салынбақ. Олардың 3-еуі бір бөлмелі пәтерлер, 39,4 шаршы метрден 42,48 шаршы метрге дейін; 15-і 57,59 шаршы метрден 58,43 шаршы метрге дейін екі бөлмелі пәтер; 76,97 шаршы метрден 78,06-ға дейін 3 үш бөлмелі пәтер бар.
Пәтер тұрғын үй қарыздары, тұрғын үй құрылыс жинағы мен азаматтың өзінің қаражаты арқылы беріледі. Төлемді төлеу туралы растау болмаған жағдайда 8 жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығымен жалға беріледі.
«Тұрғын үй»ЖСБК» АҚ бағытының талаптарына сәйкес, бағдарламаға Астана қаласындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп тіркелген азаматтар қатыса алады. Олар кімдер: жетім-балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалалар, мүгедектер, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, зейнеткерлер (жасына қарай), оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
Аталмыш бағытқа сәйкес құжаттарды қабылдау 10 қазаннан 12 қазанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Құжаттарды өтініш берушінің электронды цифрлық қолы арқылы қабылданады. Ол e.astana.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысамын деген азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруі қажет. Одан кейін әкімдіктің кезегіне тұрады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізгі 5 міндетті іске асыру арқылы халықтың тұрғын үй мәселесін кешенді шешуге бағытталған:
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу.
Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру.
Ипотекалық кредит берудің қолжетімдігін арттыру.
Пікір қалдыру