Еврейді қазақ тілін білуге итермелеген оқулық жасасын

/uploads/thumbnail/20170708174138421_small.jpg

Еврей досым телефон шалды. - Көмегің керек! Мектепте оқитын баламмен бірге мына сөздің қазақшадан орысшаға аудармасын таба алмай жатырмыз! - Қандай сөз ол? Содан кейін ежіктеп сол сөздің нобайын айта бастады. Не "үш тоғыз", не "үш сағыз", не "ұшпаңыз". Түсініксіз.

Мен: - Түсінбедім. СМС-пен жазып жібер. Мен аударып берейін. - Менде қазақша шрифт жоқ. Әйтеуір, маған жеткізді ғой. "Ұштағыш" екен. - Точилка! -Ой, рахмет! Айта салдым да, дереу сөздікке жүгіндім. Сөйтсем, онда "точилка" деген орыс сөзінің аудармасы ретінде "жануыш; қайрағыш; қайрақ; шарық" бар да, еврей досыма мен айтқан сөз жоқ. Бүгін кешке тағы да "ызбандап" қалар деп қорқып отырмын. Ұят болды ма деп... Не дегенмен, "точилка" ма, басқа ма, әйтеуір, еврей досымды баласымен бірге қазақ тілін білуге итермелеген сол сабақ пен сол оқулық жасасын!

Әміржан Қосанов, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар