Коммунистердің қаныпезерлігі фашистерден кем емес

/uploads/thumbnail/20170708174155044_small.jpg

Мынадай иттік жасаған хайуандарды қалай ақтауға болады? Мұны жасаған совет елінің "адамгершілігі биік" коммунистері. Мұны жасаған коммунистік режим. Қанды қол баскесерлердің қарапайым халыққа жасаған қаныпезерлігі фашистерден кем түскен емес. Коммунистердің бәрі ондай болған жоқ дейтін шығарсыз? Келісемін. Бірақ, бұлай талдасақ, арасында жақсы адамдар болған еді деп фашистерді қорғайтын пысықтар да табылады. Күлкілі ме? Меніңше тым аянышты... Екеуін де ақтауға болмайды. Халқымыздың жартысын қырғынға ұшыратқан осы жүйе емес пе? 1937-38 жылдары қазақтың бүкіл қаймағын жұтқан да осы жүйе. Совет партизаны жасаған зорлық-зомбылықтың дерегіне шүбә келтірген патриоттар мына суретке де сенбейтін шығар?

11133764_826340347414394_239000682444275912_n

Ойдан шығарылған сандырақ деп... Мен Тұрар Рысқұловтың туысымын. 1937 мен 1953 жылдары аралығында шағын ауылдағы еркек кіндіктің жартысына жуығы түрмеге қамалып, "итжеккенге" айдалып кетті. Бар кінәсі - Тұрардың туысқаны болғаны. Әкем, 1942- 45 жылдары қару асынып, қан майданда Отанын қорғады. Сондықтан, бұл мәселеге бір жақты қарауға құқым жоқ. Әкем соғыста әскери барлаушы болып қызмет етіпті. Ол кісі қатын-баламен емес, сол кездегі ортақ Отанымызға бас көктеп кірген дұшпанмен соғысты. Мен ол кісінің ерлігін мақтан тұтамын. Ақты ақ, қараны қара деуіміз керек. Өз халқының жандайшаптарына адвокат болғысы келетін адамды түсінбеймін.

Серік Абас-шах, Facebook парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар