"Қамшы" медалін сыйлы жерге барғанда тағып жүремін

/uploads/thumbnail/20170708174155923_small.jpg

"ҚАМШЫ" қоры өткізген хандығымыздың мерейтойына арналған кешін ел тамсана әрі риза боп айтып жатыр.

Салқын тиіп, бара алмай қалғаным туралы осында жазғанмын. Әрине, «Алматы» телеарнасының сол кешті эфирге шығарса да (онысына да рахмет), елге қадірлі азаматтардың бейнелері мен марапатталуын «қиып» тастағаны жарамады. Цензура болар. Бірақ, президентті сынап не өкіметке тиісіп жатқан жайт болса, «түсінер» едім. Бірақ, ішінде билікте жүргені бар, одан тыс жүргені бар, көбінесе ұлттық мүдде тұрғысынан пікір білдіріп жүрген асыл азаматтарды телеэфирге шығармауды өз басым саяси сорақылық деп білемін. Яғни, біздегі БАҚ басында болашақ сепаратистер отыр деген сөз! Менің үкіметте әріптесім болған Ахметжан Есімов мырза өз телеарнасында не боп жатқанын біле ме екен осы? Ал мынау болса, сол "ҚАМШЫ" қорының жетекшісі Қуаныш Біләл бауырыммен бірге түскен фото. Менде бір де бір мемлекеттік марапат жоқ екен. Ал қоғамдық мараппаттың орны бөлек. Медалім мен марапат қағазын "ҚАМШЫ-ның" кеңсесіне өз аяғыммен барып, алып қайттым. Енді бұл медальды сыйлы да қадірлі жерге барғанда міндетті түрде тағып жүремін.

Әміржан Қосанов, Facebook парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар