Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қытай қазақстандықтардың көзімен» арнайы көрмесі «Ғажайып Қытай» топтамасының 5-фотокөрмесі. Оны Қазақстандағы Қытай елшілігі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырды. Шара Қытайда 40 жыл жүргізілген саяси реформа мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 5 жыл толуына ұйымдастырылып отыр.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік пен достық дәстүрін нығайту. Көрмеге ұсынылған барлық фотосуреттер Қазақстан аумағынан жиналды. Байқауға 100-ден астам адам қатысып, 700-ден артық жұмыс қабылданған еді. Солардың арасынан ең үздік 100 фотосурет таңдалып, аталған көрмеге қойылып отыр.