Бір түндік мереке үшін 300 мың түп  шыршаны кеспейік

/uploads/thumbnail/20181122142947515_small.jpg

Жаңа жыл алдында жасыл шыршаның бақылаусыз кесіліп, жұртшылыққа сатылатыны белгілі.  Жыл сайын қайталанатын осы мәселенің алдын алу үшін  «Байтақ-Болашақ” экологиялық альянсы республика халқына үндеу тастады.

–«Алдымызда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Статистикаға сүйенсек, біздің елімізде бұл мейрамда жыл сайын 300 мыңдай шырша кесіледі екен. Біз тал отырғызып, еліміздің жасыл табиғатын қорғап қалу жолында жұмыс істеп жатсақ, екінші жағынан xалық бір түндік мерекеге бола 300 мың шырша талын кеседі. Сонда қандай пайда болғаны?

Әрбір шырша біздің таза ауамен тыныс алып, оттегімен қанығуымызға септігін тигізеді. Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына залал келтірмейік! Жыл сайын бұл бассыздық жалғаса берсе, күндердің бір күні жасыл желекті алқаптарымыздың барлығын жойып жібергенімізді байқамай да қалуымыз ықтимал.

Сондықтан, құрметті достар, xалықты шырша кеспеуге бәріміз бірге шақырайық! Ел болып, бірлік танытып, осы Жаңа жыл мейрамында шыршаларды өзіміз жоймайық, өзгелерге де жол бермейік! Қажет болса, шырша сататын саудагерлерді суретке түсіріп, заң алдында жауапқа тартайық. Алыпсатарлардың мұндай құйтырқы әрекеттеріне тосқауыл қою - біздің міндетіміз.

Дәл қазірден бастап осы xабарды барлығына таратып, xалықты үндейік! "Жаңа жыл-2019: шыршаны қорғау" акциясын қолдаңыздар, достар!!! Әр өңірден осы ісімізді қолдайтын еріктілер табылса, марxабат. Түрлі жастар ұйымдарымен бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Экологияға бей-жай қарамайтын кез-келген жан осы үндеуімізді xалыққа тарату арқылы адамдарға ой салып, қауіптің алдын алуға көмектесе алады».

Әрине, «Байтақ-Болашақ” экологиялық альянсының көтеріп отырған бастамасы орынды. Сондықтан біз де акцияға елеулі үлес қосып, жас өскін шыршаның шабылмауына септегімізді тигізейік.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар