Той бітті. Қонақтар тарқады. Ешкімнің шен-шекпені шешілген жоқ, бәрі риза. Тек, болуға тиісті болса да асаба болмай қалған жігіт пен ойламаған жерден той жүргізіп кеткен кісі бірдеңе күтіп отырған тәрізді. Жастауы есіктен өзі шығып кетуге мүмкіндік іздеп, ересектеуі есік ашуға себеп таппай ыңғайсызданып отырған сияқты.
Серік Аббас-шах, Facebook парақшасынан