Сайтанның сандырағы: Астананың аты -Сатана

/uploads/thumbnail/20170708150942101_small.jpg

Осы  уақытқа  дейін  елорадамыз Астана  қаласының  атауын  Сатана  сөзімен,  яғни  сайтаншылықпен   байланыстыратын  түрлі  дақпырт  әңгімелердің  айтылып жүргені  өтірік  емес. Енді  міне,  шетелдіктердің құлағына тиген  Астана-Сатана тіркесі   өзімізге  қарсы  қару  ретінде жұмсалып,  ресейліктер  бас қаламызды  мазаққа айналдырыпты. 

Қазандық  УНИКС баскетбол  клубы  «Астана»  сөзін  ақпараттық  афишада  Сатана  деп  жазыпты.    Бұл афишада  ресейлік  жанкүйерлерді  «Сатанадан  да артық  қолдау көрсетіңдер!» деп,  «Астана»  командасының   рухын түсіру үшін  осындай  қитұрқы әрекетке  барған.  Жындының  сандырағы  келеді  дегендей,  бұл  жарыста астаналықтар  62: 80  есебімен ойсырай  ұтылып  қайтты.      

Алайда Уникс клубы айтарын  айтып  алып:   «Біздің клуб қонақтардан   қате жазылғаны  үшін  кешірім сұрайды.  Әрине, екі  жолдық «тақпақта»  намысқа тиетін  еш нәрсе жоқ.  Дегенмен,  бір сөзден кате кетіпті», - деп  кешірім  сұрап мүләйімсиді.

  P.S.:  Кеңес  үкіметі  тұсында беделді  бір  басылым  Ұлы  Сталин  дегенді    «Улы Сталин»  деп  жазғаны  үшін  редакция  «түп-тұқиянымен»  қудаланған көрінеді.  Ал мынау  бір мұрттың емес,  бүкіл  жұрттың  намысына  тиетін  сөз  ғой.  Сондықтан,  мұндай сандыраққа  қандай  жаза  лайық?

  Дереккөз  Tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар