Енді Алашым ешқашан қамықпаса екен, Көзін тігіп сұм жауыз жауықпаса екен. Айдаһар деп санамай қара жыланды, Шошқа көрсе аю деп қорықбаса екен. Ақ бастауды есектер лайламаса екен, Ақбас тауды қара бұлт торламаса екен. Қара көзден қайғырып жас тамбаса екен, Қара қосқа қасірет орнамаса екен. Бұлбұлмын деп қарғалар қарқылдамаса екен, Бөтен үйдің иті кеп арсылдамаса екен. Дуалы сөзді ақсақалдар аман болып, Қазынасы қалың ел таусылмаса екен. Кең даламды сар тышқан былғамаса екен, Қорқаулар кеп байлықты ұрламаса екен. Келімсектер кескестеп кеуде бермей, Намысыңды қазағым қорламаса екен. Ер азамат бір-бірін қуаттаса екен, Аруы менен анасын жылатпаса екен, Қайсар өскен қазақтың қара ұлдары, Көк туымды маңгілік құлатпаса екен. Тұрдыбек Құрметхан