Ежелгі Тараз туралы фильм Голливудтың жүлдесін жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20190227095234310_small.jpg

Американың Fashion News Lifestyle Network телеарнасы шығарған фильм «Қайда саяхаттаған жөн?» аталымы бойынша Голливудтың American Testing Award марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық әкімдігі туризм басқармасының хабарлауынша, фильмді 2018 жылдың қазан айында Таразда өткен «ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы кезінде FNL Network телеарнасының директоры Рокко Лео Галиоти түсірген. «Сән - тек киім ғана емес, ол бизнес әрі туризм. Менің телеарнамды Америка, Канада, Жапония, Англия, Германия, Аустрияда көрсетеді. Менің телеарна президенті ретіндегі басты міндетім - ел мәдениеті мен моданы бүкіл әлемге паш ету», - деген болатын сол кезде Галиоти. Жуырда FNL Network халықаралық телеарнасының директоры Рокко Лео Галиоти Лос-Анджелесте өткен American Testing Award салтанатты марапаттау рәсімінде Тараздың көрікті орындары туралы әңгімелейтін фильмі үшін бас жүлдені жеңіп алды.

қазақ фильм
Галиотидің айтуынша, ол Тараздан гөрі Мальдив немесе Бали туралы түсірілген фильмдер бас жүлдені алуы мүмкін деп ойлапты. Алайда көрермендер мен қазылар алқасын Қазақстанның ежелгі қаласына ғашық ете алған фильм бәрін басып озды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар