Астанадағы көпбалалы отбасының қайғылы жағдайы күллі қазақ елін жылатқан еді. Қарапайым халық пен бірге өнер адамдары да бұған бей-жай қарай алмады.
Күні кеше әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің инстаграм парақшасында өзге әріптестеріне де, қазақ жігіттеріне де үлгі болсын ниетпен досымен бірге көпбалалы отбасына барған суреті мен жазбасын салған екен.
"Бүгін, Сырым дос екеуміз Іле ауданыны, Қуат елді мекені, Ашкеев 25 - уй, (ГРЭС) бес балалы отбасыға арнайы барып келдік. Өте нашар жерде өмір сүріп жатқанын көріп, көзбен көрген жөн деп санадық. "Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ, жағуға көмір, жеуге нан жоқ" деген соң, шыдамадым.
Бір-екі достарыма айтып едім, қолдан келген қаражатты салып жіберіпті. /Алла разы болсын! Үйіп - төгіп уәде бермесек те аздап қаражат жағын бердік. Пәтер ақысын бізді күткендей, егесі де келе қалды. Отағасы көрші елдің адамы болған соң /қазақ/ КЗ елінің азаматтығын ала алмапты. Қыста көлік жуатын жерде, жазда құрылыста жұмыс жасайды екен. Өзімен жолыға алмадық. Жұмыс жасап, ақша табу үшін үш - төрт күнде бір келетін көрінеді. Қазбалап сұрауға ұялдық.
Тұрмысы нашар, көп балалы отбасы көп көрінеді. Әттең, қолдан келсе, көмектескің- ақ келеді. Алдағы уақытта әкімдікке кіріп, жер сұрасақ деген ниеттеміз! Жер алған жағдайда уй тұрғызып беру ойда бар.
Әуелі Алла, сосын сіз бен біз асарлатып жіберсек, баспаналы болып қалады. Балақайлар сүйкімді, пысық. Ең бастысы, дендері сау. Анасы Астанада болған жағдайдан соң жалдамалы жұмыстан бас тартып, бала - шағасының қасында отыр. Екі бала мектепте оқиды. Екі баланы жергілікті балабақша тегін қабылдапты. Бесіншісі –емізулі. Соңғы сүретте өз карточкасы бар.
Алла разылығы үшін жәрдем берсеңіздер, сауаптан болсын! Қазақтың қайсар қыздары қайырымдылық жасап, ерлік танытып жатыр. Жігіттер қарап қалмайық, ұят болады!" (орфогр.сақталған) деп жазған Бағлан Әбдірайымов жазбасының соңына аталмыш отбасының жеке реквизиттерін де қалдырыпты.
"Жарайсың!", "Эстафета жалғаса берсін!", "Алла разы болсын!", "Басқаларға үлгі болсын!"... деген сынды жағымды пікірлерді аямай үйіп-төккен екен оқырмандары.
Әлбетте, мұндай игі іске неге риза болмасқа! Бәрін беруші де Алла, Алушы да Алла! Алласын аузынан тастамай, садақасын беріп, игі іс жасап жүретін өнер адамдарының өнерімен қоса азаматтығын көргенде тәнті болмау мүмкін емес.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру