"Сұмдық! Балалардың басы құрттап жатыр..." (видео)

/uploads/thumbnail/20190228111012101_small.jpg

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлжан есімді төрт балалы әйелдің балалары тері ауруына шалдыққаны жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлердің салғырттығынан бүгінде балалардың ауруы тым асқынып бара жатқанын айтып, заңгер дабыл қағады.

"SOS! Балалардың басы құрттап жатыр!

Біртанов қайда қарап отырсыз?

Түн ішінде төрт баланың анасы Ұлжан хабарласты.
Төрт баласының басына жара шығып, 2018 жылы желтоқсанда Шымкент қаласының "Тері аурулар емдейтін" емханасына барған екен. Біраз уақыт ем алып болған соң, "у вас улучшение" шыға берсеңіздер болады"- деді Ұлжан.
Алайда балаларының басындағы жаралары іріңдеп, қызуы көтеріліп ауыра бастаған соң емханаға қайта келген. "Тегін жату үшін құжат рәсімде, портал арқылы келесің" деген соң, бүкіл құжаттарды ауылға барып дайындадым, ертесіне емханаға келіп анализ жасаттым. Бір қызымда инфекция бар, қалған үшеуінде жоқ"- деп берді лаборатория. "Сосын мен сол емханадағы ақылы лабораторияға барып тапсырдым. Ол жерде инфекция жұқпалы деп анықтап берді"- деп жылап отыр. "Қанына өтіп кеткен, енді сүйекке өтуі мүмкін"- деп отыр басқа врачтар. "Мен не істеймін әпке?"- деп жылаған Ұлжанды не деп жұбатарымды білмедім. "Бірінші кезде врачтар жақсылап қарасын деп 25 мың ақша бердім, енді оларға қайта-қайта бере беретін ақшам да жоқ. Балалар үш айдан бері мектепке бармады. Бұл жара маған да жұқты. Біз қазір үйдеміз. Ертең бәріміз бір үйде шіріп, өліп қалсақ қана қарайды ма бізге? Мемлекеттен қаншама ақша бөлініп жатыр, неге бізге жақсылап қарамайды?"- деп еңіреген Ұлжанмен ертең таңда тікелей эфир түсіретін болдым. 
"Бүкіл Облыстық денсаулық сақтау департаментіне қарасты, Тері аурулары емханасының заңсыздықтарын айтып берем, әпке. Мен сияқты жылап жүргендер өте көп!"- деп отыр.

Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет істер агенттігі және арнайы мониторинг мүшелерінің істі толық бақылауға алатынымызды хабарлаймын!" - дейді заңгер Айгүл Орынбек.

Ұсынған: Назерке Лабихан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар