1916 - 1937 жылдар аралығында Совет үкіметі қолынан 4 миллионға жуық Қазақ қырылды. 1941 – 1945 жылдарғы соғыста 400 мыңдай Қазақстандық құрбан болды. Қуғын сүргін құрбандары мен ашаршлық құрбандарының саны соғыс шығынынан 10 есе көп. Бірақ, соған қарамастан ашаршылық пен қуғын сүргін құрбандарын еске алушылар көп емес. Оның бірінші себепі 70 жылдық кекеңсік идеологияның «ұлы отан» деген ұғым төңірегінде ұйытып, өз қолдарымен опат болғандарды ұмыттыруға тырысқанының нәтижесі болса, екіншіден Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандардың артында жоғын жоқтайтын ұрпақтары қалған еді. Ал, ашашршылық пен қуғын сүргін құрбандарының басым бөлімнің артында өзінен туған ұрпағы қалмаған еді.
Тұрдыбек Құрметхан
Пікір қалдыру