Әкім болған мехнат, мұғалім болған рахат заман келер ме екен?

/uploads/thumbnail/20190305122844097_small.jpg

Біз өзі ауыз толтырып армандауға да қорқып қалыппыз ғой.

Мәселен, мемлекет үйелменнің табысына қарамай әр балаға 70 мыңнан төлесе не болады? Егер, бес балалы ана айына 350 мың теңге алса, әсіресе, ауылдық жерлерде демография ғарыштық жылдамдықпен өзгереді, ажырасу күрт азаяды, жастардың махаббат сезімі тез оянып, үйлену көбейеді. Он жылда 35, 20 жылда 50 миллионға жетеміз. Сан сапаға айналады. Жетімдер үйі жойылады, халық тұтынысы жақсарады, еркектердің еңбек бәсімен бірге беделі де жоғарылайды. Жұмыс істей ме, бала туа ма әйелдер өзі таңдайды. 350 мың дегеніңіз мың доллар ғана, кез келген жібі түзу ел беретін ақша. Біз алтын сандықтың үстінде отырған елміз. Сәпсім қиналсақ, бір бөлігіне пәтер, жер, асыл тұқымды мал да беруге болады. 

Бар ақшаны осындай "прорывной проектке" салсақ, болашақ адам капиталы мейлінше сапалы болуы үшін мұғалім жалақысын 500-600 мыңға жеткізіп, бір сыныпта 15 оқушыдан аспайтын етсек, әкім болған мехнат, мұғалім болған рахат қылсақ небәрі 15 жылдан кейін ілімі дамыған супер мемлекетке айналамыз. Осыны шынымен орындалмайтын арман деп ойлайсыздар ма? Түк те емес.

Асылхан Мамашұлының Facebook парақшасынан алынған

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар