Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі", "География" пәндеріне біршама өзгеріс енгізетінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан тарихы, қазақ тілі және география менталитетке сай болады." - деді Білім және ғылым министрі.
– Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға дұрыс патриоттық тәрбие беру үшін "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі", "География" пәндерінің мазмұны халықтың менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады, – деген пікір білдірді Күләш Шамшидинова.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 25 ақпанында Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалған Күләш Шәмшидинова келесі жылдан бастап білім жүйесіне "Әліппені" әкелетінін мәлімдеген болатын.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Пікір қалдыру