Елдананың денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ. Қазіргі уақытта студент өзіне қол салды деген болжам қарастырылуда екен.
Фырат университетінің екінші курс студенті Елдана Қаһарманмен байланыса алмаған достары Йылдызбаулары ауданындағы үйіне барған.
Есікті темір ұстасына ашқызған достары Елдананы ас бөлмесінде қимылсыз жатқан күйде тапқан. Алдын ала болжам бойынша студент өзіне қол салған болуы мүмкін.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Қаһарманның қайтыс болғанын хабарлаған.
Сайттың мәліметінше, Елдана Қаһарманның жансыз денесін Фырат университеті ауруханасының мәйітханасына жеткізілген.
Елазык полицейлері оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастаған.
Блогер қазақ қызы Түркияның Kanal 23 арнасында тілші болып қосымша жұмыс істеп жүрген екен.
Ұсынған: Мақпал Сембай