Елорда әуежайы ас ішуде талғампаз жолаушыларға айырықша көңіл бөлуде. Қазіргі кезде дәмді ас ішуді қалайтындарға арналған бірнеше мейрамхана, кафелер мен асханалар бар. Кофе дәмін ұнататын қонақтар үшін "Marrone Rosso" есігін айқара ашты.
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы Басқарма төрағасы Рәділбек Әдимолда қоғамдық тамақтану орындары ашылған кезде жолаушылардың барлық санаттарының қажеттіліктерін ескеру керек екенін атап айтты.
«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, әуежайда жолаушылар ресторандар мен кафелерге ұшардан бұрын барады. Әрине, ұшу қатаң түрде реттеледі және тамақтануға уақыт аз қалады. Сондықтан, мейрамханалар немесе кафелер жолаушыларға тез және сапалы қызмет көрсетуі керек. Осы себепті Marrone Rosso сияқты сапа стандарттарына ие брендтерді шақырамыз», - деді.
Рәділбек Әдимолда сондай-ақ, халықаралық әуежай терминалында бірнеше қоғамдық тамақтану орны бар екенін және олардың баға саясаты астаналық мекемелерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ екенін атап өтті. Жаңа кофехананың мәзірі италиялық, шығыс елдері және еуропа асханалары тағамдарынан тұрады. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
«Marrone Rosso жай ғана кофехана емес, бізде мейрамхана жабдықтары бар – таңғы ас, түскі ас және кешкі асты да ұсынамыз. Әрі біз 24 сағат жұмыс істейміз. Ұшақтар тәулік бойы ұшады, ал халықаралық рейстердің көбі түн кезінде болғандықтан, біз қонақтардың үмітін ақтауға тырысамыз. Осында жолаушылар ағымы үлкен, сондықтан уақыт тәртібін сақтау керек. Бұл да әуежай кофеханасының айрықша ерекшелігі»,- деді ашылуы кезінде акционер Медет Төлегенов.
Жаңа тамақтану орыны халықаралық терминалдың үшінші қабатында орналасқан және 70 адамға арналған. Еске сала кетейік, Aroma Group / Marrone Rosso ғаламдық желісінің Израиль, АҚШ, Канада, Украина және Қазақстан тәрізді елдерде 150 кофеханасы бар.
Пікір қалдыру