Атом бомбасынан аман қалған азамат

/uploads/thumbnail/20190410143726381_small.jpg

1945 жылы Жапонияның екі қаласына – Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасы тасталғанын білеміз. Қос шаһардың күлін көкке ұшырған зобалаңның жанында жүріп те аман қалуға болады екен. Оған дәлел – Цутому Ямагутидің тағдыры.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Цутому Ямагутидің екі атом бомбасының жарылысын бастан кешкені ресми түрде анықталған.

1945 жылдың 6-тамызында Цутому жұмыста болған. Дәл осы күні Хиросима қаласына ядролық бомба тасталды. Ал Цутомудың жұмысы бомба түскен жерден үш шақырым жерде еді. Ол жарылыс салдарынан күйікке шалынып, ауруханаға жеткізіледі. Бірақ ол ауруханаға ұзақ тұрақтамай, Нагасаки қаласындағы үйіне пойызбен тартады.

Үйіне асыққан жігітті алдынан тағы да бір жарылыс күтіп тұр еді. Ол – 1945 жылдың 9-тамызындағы Нагасаки қаласын бомбалау. Жапон жігіттің көрер жарығы болып, тағы да аман қалады.

Атом бомбасының зардабын тартқан Цутому мен оның әйелінен 1950 жылдардың басында екі қыз туған. Содан кейін ол Mitsubishi компаниясындағы жұмысына қайта оралып, мұнай танкерлерінің жобасымен айналысады.

1957 жылы жапон билігі Ямагучидің тек Нагасаки жарылысында ғана болғанын мәлімдейді. Бұл мәлімдемелердің Цутому үшін маңызы жоқ еді. Оған отбасының, өзінің амандығы жеткілікті еді.

Ямагучи 2010 жылы 93 жасында бауыр обырынан қайтыс болды.

Қатысты Мақалалар