Экс-президент өзіне қол жұмсаған

/uploads/thumbnail/20190418063734266_small.jpg

Перудің экс-президенті Алан Гарсиа өзін тұтқындауға келген сәтте өзіне өзі қол жұмсап,  ауруханада көз жұмды. Ол ауруханада полиция ұстамас бұрын өзін-өзі өлтіруге әрекеттенгеннен кейін қайтыс болған. Перудың Денсаулық сақтау министрлігі Гарсияның өзін тапаншамен атқанын мәлімдеді. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгеннен кейін операция жасалған. Дәрігерлердің арпалысуына қарамастан, Гарсия мерт болған. Оның адвокаты Эразмо Рейнаның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысын Лиманың астанасында тұтқындар уақытында өзіне қол жұмсаған. Оның алдында  Бразилияның Одебрехт құрылыс компаниясынан пара алған деп айыпталған экс-президентті Сот қамауға алу туралы шешім шығарған. Бірақ Гарсия өзіне қарсы айыптарды жоққа шығарған еді.

Еске сала кетейік, Алан Гарсия мемлекетті 1985-1990 және 2006-2011 жылдары басқарған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар