Ислам туралы таңғажайып фактілер: Қанмен жазылған Құран сақтаулы тұр

/uploads/thumbnail/20190515120635683_small.jpg

Бүгінгі күні әлем бойынша 1 млрд 6 миллионнан астам адам мұсылман дінін ұстанады. Әлеуметтану ғалымдары бұл көрсеткіш 10-15 жылдан кейін  2 миллиардқа дейін өсетінін айтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

— Жер шарындағы мұсылмандардың тек 20% -ы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада тұрады. Исламды уағыздаушылардың басым көпшілігі Азия-Тынық мұхит аймағында, атап айтқанда Индонезияда орналасқан.

— Барлық мұсылмандардың тек 15% ғана – арабтар.  

— Еуропалық елдер арасында мұсылмандар ең көп шоғырланған ел – Албания. Халқының 70% – мұсылмандар.  Албания христиандық Греция,  Югославия елдерімен шектеседі.

— Ислам дінінің символы – жұлдыз бен жарты ай. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өмірі кезінде жаңа пайда болған Ислам дінінде символизм болмаған. Бұл символ ең алғаш орта ғасырдың ең қуатты мемлекеттерінің бірі Осман империясы тұсында пайда болып, араб елдерінің туларында бейнеленген.

ай

Мұсылман дініне қатысты тарихи оқиғалар:

— Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер әскерлердің ең алдыңғы шебіне тек мұсылмандардан тұратын бөлімдерді орналастырған. Сол мұсылмандар «Еркін Үндістан» атты легион құрады. Оның құрамында фашистердің қолына түскен Бангладеш пен Пәкістанның мұсылмандары кірген.

— Джон Пол II  Рим Папасы болған уақытта христиан мен ислам елдерін барынша жақындастыруға тырысқан. Ол 2001 жылы Дамаскіге (Сирия астанасы) келгенде мешітке кіріп, дұға еткен ең бірінші папа болды. Намаздың соңында Джон Пол II Құранды қолына алып, сүйді. Оның бұл әрекеті қоғамда біраз шу туғызды.

куран

— Құранның кейбір сүрелері түсініксіз араб белгілерінен басталады.  Дінтанушылар, ғалымдар ол белгілерді аударуға тырысқан, бірақ бұдан ешқандай нәтиже жоқ. Соңында барлығы оны құдайдың құпия, қасиетті, ешқандай сұраусыз берілген белгілер ретінде қабылдады.

— Ирактағы мешіттердің бірінде Саддам Хусейннің қанымен жазылған ерекше Құран сақтаулы тұр. Кітап 2000 жылы жарияланған және  2 жыл бойы жасалған. Жергілікті ұйымдар бұл кітапты не істейтіндерін келісе алмаған. Себебі , біріншіден, қасиетті кітапты қанмен жазуға тыйым салынған. Бұл дінге қайшы әрекет. Екінші жағынан, Құран қасиетті мәртебеге теңестірілгендіктен оны жойып тастау мүмкін емес.

 Қазіргі күні діндер бір-бірімен тығыз араласып жатады және адамдардың дүниетанымдық көзқарасы шеңберінде бір-бірімен тығыз байланысты.  Дегенмен, діннің әлі күнге маңызы жоғары.

— Абу-Даби мен Бахрейнде өтетін Формула -1 жарысының жеңімпазы дәстүр бойынша шампан атып, көбігін жұртқа шашады. Алайда көбікті жаңбыр үшін алькогольсіз сусындар қолдануы керек.

— Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Али Голливудта танымал жұлдызды даңққа ие болғанда, өз есімі жазылған жұлдызды тротуарға салудан бас тартқан. Нәтижесінде оның есімі Долби театрының қабырғасында орнатылды. Боксшы Пайғамбарымыздың есімі жерде тапталғанын қаламаған.

— Барселона футбол клубы 2010 жылы Катар елінің Qatar Foundation компаниясымен келісімшарқа отырарда, инвестор футболшылардың эмблемасын өзгертуін талап еткен. Нәтижесінде  командалық логотиптегі крестің суреті көлденең сызықпен алмастырылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар