Алматыда үш адамды ауыр техника басып қалды

/uploads/thumbnail/20190515144350749_small.jpg

Алматыда үстіне манипулятор құлап кеткен үш әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 14 мамыр күні «Айгерім» шағын ауданында орын алған. 

Манипулятор кранның тіреуі құлап кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған. Қазіргі таңда үш әйел де жансақтау бөлімінде жатыр.

«Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы сараптаманың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.  

Ұсынған: Мият Кәшібай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар