Бүгін Алматы қаласында, әл-Фараби және Назарбаев көшелерінің қиылысында "Ұмытылмас 1986-2011" деген жазуы бар баннер пайда болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тһe-village.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірге бұл баннердің кімге тиесілі екені және ұсталғандардың бар-жоқтығы туралы ақпарат жария болған жоқ.
Бірақ...
"Биылғы көктемдегі билік ауысымына, сайлау науқанына қарсылық білдіріп жатқандар – 1930 жылдардағы ашаршылық, репрессияны, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін, 2011 жылғы толқуларды ұмытпаған азаматтар. Бұл құрбандықтарды ұмыту мүмкін емес. Біз өзіміздің бүгінгі ахуалымыз бен құқығымыз үшін күресе береміз. Біз азат болуды қалаймыз және таңдаймыз", - деген мәтіндегі жазбаны rukh2k19 деп аталатын Инстаграм қолданушысы жариялады.
Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын әл-Фараби даңғылының бойында "Единственным источником госвласти является народ" деген жазуы бар баннер ілгені үшін Роман Захаров қамауға алынған еді.
Оған "Кішігірім бұзақылық" жасады деген айып тағылып, Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылған.
Аударған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру