"Бұл біреуден қорғану үшін емес": 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады

/image/2019/06/04/photo_185448.jpg

Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Бұл туралы  ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Министр қазір бүкіл елдің аумағында "Құқық тәртібі" атты операция жүргізіліп жатқанын айтты. 


"Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін "Құқықтық тәртіп" операциясы жүргізіледі. Сосын 7 маусымда бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді", – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 8 маусым тыныштық күні, сондықтан үгіт-насихатқа тыйым салынған. 

"Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады", – деп атап өтті Тұрғымбаев.

"9 маусымда сайлау, ол өте ерте басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патрульдердің барлығы жұмыс істейді. Бұл сайлау кезінде өткізілетін қалыпты шаралар", - деп сендірді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар