Ұзақ жылдар бойы түзету колониясында болған Катя "тәртібі" түзелгесін бостандыққа шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Наша Газета сайтына сілтеме жасап.
Катя кішкентай кезінде демалыс орынындағы адамдарды қызықтыра алған ерекше аң еді. Оны көру үшін арнайы барған адамдар да болған. Бірақ 2004 жылы абайсызда баланы тырнап алып, 15 жылға "бас бостандығынан" айырылды.
Түрмеде де Катя назардан тыс қалмады. ҚК-131/2 бөлімінде жазасын өтеп жатқан азаматтар кірекейді ермек етіп, оған әрқайсысы жағдай жасауға тырысқан. 15 жыл ішінде Катя суреттегі торынан бір рет те шықпаған.
Катя тәртібін түзеп, жазасын өтеп шыққты. Алдағы уақытта ол Петропавл қаласындағы "Абакшино" демалыс аймағында өмір сүрмек.
"Ол жерде кішігірім зоопарк бар. Онда Катяны ұзақ бейімделу үдерісі мен медициналық тексерулер күтіп тұр. Біз оған жағдай жасау үшін табиғатқа барынша жақындатуға тырыстық", дейді колонияның инспектор-психологы, капитан Мощенко.
Пікір қалдыру