Жыл басынан бері қанша адам суға кетті?

/image/2019/06/05/8e027138ff40144337a92abd775d3283_resize_w_830_h_465.jpg

Қазақстанда жыл басынан бері 76 адам суға батып, қаза тапқан. Күні кеше су тағы да екі адамды жалмады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жыл басынан бері 76 адамның өмірін, оның ішінде 40 баланың су жалмады. Біз статистика жүргізу тәсілін өзгерттік. Біз 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап шомылу кезінде ғана емес, жалпы кез-келген жағдайда суға батқандарды есепке алдық", - дейді Беккер.

Оның айтуынша, есептеу жүйесіне өзгеріс енгізу арқылы ауқымды жүріп жатқан апаттың алдын алуға шаралар қолданылады.

"Қаза тапқан 76 адамның 27-і балық аулау кезінде қайтыс болған. 22 адам шомылу кезінде, 2 адам батып бара жатқандарды құтқару кезінде, 2 адам су қоймаларындағы жұмыс барысында және 8 бала арықтар мен кіші каналдарға шомылу кезінде қайтыс болған. Айта кету керек, әлгі балалардың барлығы ата-ана қарауынсыз қалған кішкентайлар", - дейді Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы.

Комитет басшысының мәліметіне сүйенсек, күні кеше екі адам, бірі Павлодар қаласында, бірі Ақмола облысында суға батып кеткен.

Қазіргі таңда елімізде 50 мыңға жуық су қоймалары бар. Олар тұрғылықты азаматтардың балық аулау мақсатына, шомылу мақсатына, демалыс мақсатына қолданылады.

Беккердің айтуынша, Қазақстанда құтқарушы болып жұмыс жасайтын адамдардың саны – 1380 адам. Қажетті мамандарды әр су қоймасына бір-бірден қойса да, барлық сулы аймақты қамту мүмкін емес. Демек, су қоймаларының 90 пайызға жуығы құтқарушысыз жұмыс жасайды.

Алда шомылу маусымы келе жатқанын ескерсек, құтқарушы мамандардың санын арттырып, судағы қауіпсіздік шараларының қатаңдығын тексеру қажеттігі туындап тұрғаны байқалады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар