Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда 500 адамның полицияға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
19 мың полицей, ТЖ қызметінің 6 мың қызметкері, волонтерлер жұмысқа шықты. Көшелер мен қоғамдық жерлердегі қауіпсіздікті полиция, әскерилер, Ұлттық гвардияның 10 мың қызметкері қамтамасыз етті, – деді Қожаев.
Ал сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты болды.
"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз акциялар өткен жерлерден полицияға шамамен 500-дей адам жеткізілді. Полицияның әрекетіне келсек, барлық шаралар заңға сай өтті, азаматтармен қарым-қатынас кезінде тәртіп сақшылары мейлінше ұстамды болды", – деді Қожаев.
Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Желіде полициядан таяқ жеген, тіпті бір адамның қайтыс болып кеткені туралы қауесеттер жүр – олар шындыққа сай келмейді.
Пікір қалдыру