Марғұлан Сейсембай: "Ұлттық Қоғамдық Сенiм Кеңесi" мүмкiндiк пе, алдау ма?"

/image/2019/06/17/64257462_10218531630836485_8745541819774795776_n.jpg

Достар, алаңның орнына билiкпен келiсiмсөз жүргiзу керектiгi туралы менiң бiрнеше постыларымның астында талай адам өз келiспеушiлiктерін бiлдiрді. Қоғамның билiкке деген сенiмi мүлдем жоқ. Мен олардың бәрiн түсiнемiн. Бiрақ тек комментерден барлық қоғамның көңiлiн сараптай алмаймыз.

Мен саясатта еш тәжiрибем болмаған соң, "ҰҚС Кеңес"-iнде жұмыс iстеу/iстемеуге шешiмiн эмоциялармен комментерге сүйенiп қабылдаған дұрыс болмас деп ойлаймын.

"ҰҚС Кеңес"-iнде iстеу/iстемеу сұрағына жауап беру үшiн мен кешегi постымда жазылған сынақ өткiзiп өзiме 10 адамды таңдап алдым. Мен бұл адамдардың азаматтық ұстанымдарына толықтай сенемiн. Сөздерi мен iсi бiрге жүрген, билiкке ұмтылмаған, қоғам үшiн шынайы iстеп жүрген тұлғалар. Ұстанымдары мен қағидалары үшiн өздерiнiң аттары мен бостандықтарын тәуекелге салған адамдар.

1. Виталий Воронов
2. Евгений Жовтис
3. Бахытжан Торегожина 
4. Марат Асипов
5. Вадим Борейко
6. Айгуль Кенжебаева (Aigoul Kenjebayeva)
7. Ажар Джандосова
8. Джохар Утебеков (Jokhar Utebekov)
9. Досым Сатпаев (Dosym Satpayev)
10. Zhanbolat Mamay

Сiздерге маңызды сұрағым бар. 
1. Маған жаңа құрылған "ҰҚС Кеңес"-iне билiкпен келiсiмсөз арқылы саяси реформаларды жасау үшiн баруға тұра ма әлде "ҰҚС Кеңес"-i жұмысы тиiмсiз бекер жұмыс бола ма?

Мен толықтай сiздерге сенiп сiздердiң өмiрлiк тәжирибелерiңiз бен азаматтық ұстанымдарыңызға сенемiн. Сiздерден неғұрлым толық және ашық жауап сұраймын. Сiздердiң жауаптарыңызға сүйенiп мен өзiмнiң келесi қадамдарымды жоспарлаймын. Жауап қатсаңыз сiзге қатты риза боламын!

P.S. 
Бiр нәрсе маған сөзсiз анық ол халықтың сенiмiнсiз мен ештеңе iстемеймiн де, ешқайда бармаймын.

Марғұлан Сейсембай

Фейсбук әлеуметтік желісінен

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар