Қазақстан 12 жылдық білім жүйесіне қашан көшеді?: Экс-министр Шәмшидинова мәлімдеме жасады

/image/2019/06/17/photo_274284.jpg

Бұрынғы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Қазақстан халқы 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшетінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, 12-жылдық білім беруді енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.

"Республикада 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 сыныптарда "Назарбаев" зияткерлік мектептері тәжірибесіне сәйкес әзірленген орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4, 9 және 10 сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11 сынып көшетін болады. 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны толықтай енгізілгеннен кейін 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланған", - деп айтты Шәмшидинова.

Қазіргі таңда 12 жылдық білім беруге көшу құрылымы Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.

"12-жылдық білім беруді енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Қазақстандағы білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу жоспарларына тиісті өзгертулер енгізіледі", - деді К.Шәмшидинова.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар