Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылысқа байланысты тиісті министрліктер мен мекемелерге тапсырма берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.
"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деді Қазақстан президенті өзінің жазбасында.
Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 24, 2019
Пікір қалдыру