Арыстағы жарылыстан кейін бензиннің бағасы қымбаттады деген видео тарады

/image/2019/06/24/crop-2_111_807x1076_084808695500.jpg

Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан кейін елді мекендердегі бензин құю бекеттері бензиннің бағасын лезде көтеріп жатыр деген видео тарады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол туралы куәгерлер әлеуметтік желіде видео жариялаған.

Видеода жан сауғалаған халықтың бензин құю бекетінде көліктерімен кезекте тұрғанын байқауға болады. Алайда бензиннің қымбаттағаны туралы нақты мәлімдеме жасалған жоқ.

"Мына жақта бензин қымбаттап жатыр. Қараңыздар... Арыстан біз қашып келіп отырмыз. Ол жақта жарылыс болып жатыр. Мына жақтағы кептелістерді қараңыздар. Машиналар мына жақтан Сарыағашқа кетіп жатыр. Қараңыздар, жақсылап! Заправкалардың қымбаттап жатқанын қараңыздар! Қымбат... Үкімет не қарап отыр?", - дейді куәгерлердің бірі. 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Ащы шындық!АҚИҚАТ (@shyndyk_kaz)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар