Эвакуациялық орталықтарда 24 мыңнан астам адам тіркелді

/image/2019/06/26/crop-60_60_360x480_2019_06_25_crop-11_12_767x1180_mycollages-11.jpg

Арыс қаласындағы жарылыстан кейін эвакуациялық орталықтарда 24 мыңнан астам адам тіркелген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Эвакуациялық пункттерде 24 мыңнан астам адам тіркелді. Оның ішінде: Шымкент қаласында 20 мың, Түркістан облысының аудандарында 4 мыңнан астам адам тиісті көмек алуда. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты  Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 70-ке жуық қоныстану орталықтары жұмыс істеуде. Халық орналасқан орта мектеп, колледж, балабақша, мектеп-интернаттарда эвакуацияланған азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалған" деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар