Ресей мен Жапония арасындағы арал дауы өршіп келеді (видео)

/image/2019/07/01/crop-11_14_270x579_1549556039_0_50_3185_1842_600x0_80_0_0_51245148f65551017d0828472826dec6.jpg

 G20-ның ресми сайтында ресейлік Куриль аралдарының Жапониямен қосылған картасы көрсетілген бейнежазба орналастырылған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айының соңында кезекті "жиырмалық" саммиті өткен Осака қаласына арналған роликті Премьер-министр Синдзо Абэ YouTube-арнасына 19-ақпанда орналастырған. Бейнероликтің үшінші секундында Куриль тізбегінің төрт аралы  Жапония аумағына қосылған картасы пайда болады.

Токио Ресейдің Оңтүстік Куриль аралдарындағы егемендігін мойындамайды, сондықтан, картада өз аумағы ретінде бейнелепті-мыс.

Куриль мәселесі

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінаралға қатысты Ресей мен Жапония  бейбіт келісім-шарт жасасқан жоқ.

Олардың арасындағы негізгі қақтығыстар Кунашир, Шикотан, Итуруп және Хабомаи  аралдарына қатысты. Токио осыған орай 1855 жылы сауда және шекаралар туралы екіжақты трактатқа сілтеме жасаған.

Мәскеу, өз кезегінде, соғыс қорытындысы бойынша бұл аралдар КСРО аумағының бір бөлігіне айналғанын, ал ресейлік билік оларға күмән келтірмейтіндігін атап өтеді.

1956 жылы КСРО және Жапония Біріккен декларацияға қол қойды. Мәскеу Хабомаи және Шикотан аралдарын  Жапонияға беру мүмкіндігін қарастыруға келіседі. Қалған екі аралдың тағдыры қозғалмады. Дегенмен, кейінгі келіссөздер еш нәтиже әкелген жоқ.

Бұл үдеріс 2018 жылдың қараша айында Сингапурдағы Путин мен Абэ кездесуінен кейін жанданды. Жапон премьер-министрі екі жақ тарап 1956 жылғы декларация негізінде келіссөздерді жеделдетуге келісті деп мәлімдеді. Бұл Токио тарапынан елеулі жол беру болып саналды, өйткені, оның ресми ұстанымы әлі күнге дейін барлық төрт аралдарды беруді талап ету және осыдан кейін ғана бейбіт келісім-шарт жасау еді.

Ресей билігі Жапония, ең алдымен, екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысын, оның ішінде Оңтүстік Куриль аралдарында ресейдің егемендігін мойындауы керек деп бірнеше рет атап өтті.

Аударған: Ақжібек Аралбек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар