1 маусым күні Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт сарайында «Әкем, анам және мен: тату отбасымыз» атты спорттық және қайырымдылық акциясы өтті. Онда Маңғыстаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 300 балаға сыйлықтар табыс етті.
Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылының тәрбиеленушілері, кәмелетке толмағандарға бейімделу орталығы, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған конкурстар, эстафеталар, зумба биі ұйымдастырылды. Балаларға тәттілер, ойыншықтар және түрлі сыйлықтар берілді.
Акцияны облыстық және қалалық әкімдіктер, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы, банктер және аймақтық компаниялар қаржыландырды.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың атынан акцияға қатысушыларды облыстық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Мұхтар Ибраимов құттықтады.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы акцияның 300 кішкентай қатысушысына сыйлықтар мен ойыншықтар табыстады.
- Құрметті балалар! Сіздер – үлкен бақыттың кішкене бөлігісіздер, әрбір ересек адамның өмірін шынайы қуаныш пен жылулыққа толтыратын ғажайып жансыз. Балалар да махаббат пен қамқорлыққа, ата-ананың қамқорлығына мұқтаж және әрбір баланың жүрегі бұл кішкене бақыттан айырылмауы керек. Балалар мейрамында әрбір балаға қамқор отбасы және балалық шақты алаңсыз өткізуді тілеймін. Балалардың күлкісі елімізді жарқыратып, құлпыртсын. Маңғыстаудың әрбір кішкентай тұрғыны дені сау және бақытты болсын, - деді «МО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» атқарушы директоры Бану Ұзақбаева.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне Ақтау қаласының №2 арнайы орта мектебі, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, «Біз - адамбыз - біргеміз» қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттар берілді.
-Бүгін балаларды төл мерекесімен құттықтауға келдік. Медициналық сақтандыру қоры филиалы атынан балаларға жеміс-жидектер, тағамдар әкелдік. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында жаңа бағдарлама – медициналық сақтандыру жүйесі енеді. Мемлекет жаңа туған нәрестеден бастап, 18 жасқа дейінгі балалар үшін жарна төлеп, автоматты түрде сақтандырылғандар тізіміне енгізіп отыр. Бұдан бөлек, денсаулығында ақауы бар балалар да мемлекеттің қамқорлығында. Балалар – келешектің айнасы. Олардың денсаулығы – елдің болашағы, - деді «МӘМСҚ» Маңғыстау филиалының бөлім басшысы Айгүл Дәден.
Пікір қалдыру