Нұр-Сұлтан қаласында өткен 15-Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің ашылуына келген шетелдіктер Елорда мен Алматы облыстарында болып, бүгінде ат басын Маңғыстауға тіреген. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың 3-қаңтарында кино туралы заң енгізіліп, онда шетелдік продюсерлердің елімізде түсіретін фильмдеріне барынша қолдау көрсетілетіндігі жазылған. Осы мақсатта еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштер және ұлттық болмысымызбен танысуға өңірімізге АҚШ, Жаңа Зеландия, Словениядан Discovery, NBC Universal, Global Film Solutіons, Lionsgate, Warner Horison сынды ірі голливудтық кинокомпания өкілдері келді. Екі күнге келген сапар аясында олар Шерқала тауын, жерасты мешіттерін аралап, шар тәріздес алып тастардың тарихымен танысты. Сондай-ақ, жартастағы соқпақ жолдармен жүріп өтіп, желкенді қайықпен серуендеді.
«Нұр-Сұлтаннан бастау алған сапарымыз қызықты сәттерге толы болды. Көп тәжірибе жинадық. Ерекше шабыт алдым, табиғат қандай ерекше. Барлық жүріп өткен жерлерімізді бейнетаспаға түсіріп келеміз.Видео – ролик жасап,өз елімізге барғанда көрсеткіміз келеді. Қандай бағытта кино түсіретінімізді алдағы уақытта жоспарлаймыз» - деді Discovery арнасының вице-президенті Джорджина Суртис.
Жетісу өңірі мен маңғаз Маңғыстаудың тамаша табиғаты шетелдік кинокомпания өқілдерін ерекше таңғалдырған. Бірінші сапарлары болса да, шаршағандарына қарамастан ерекше әсер қалдырды деп ой қорытты.
Пікір қалдыру