Тоқаев өткізетін алғашқы кеңейтілген Үкімет отырысы: не айтылмақ?

/image/2019/07/09/crop-54_1_825x1908__zasedanie-3-11.02.15.jpg

Үкіметтің кеңейтілген отырысы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 15-шілде күні өтеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Келесі дүйсенбіде президент қатысуымен кеңейтілген отырыс болады. Әкімдер дайын болсын, экономика бойынша негізгі сұрақтар талқыланады", - деді ол.

2019 жылдың алғашқы айында да экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен. Дөңгелек үстел басында экономикалық дамудың бағыты, жүзеге асырылып жатқан жоспарлары талқыланып, қажет шараларды қолдануға тапсырма берілген еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар