Украинада экс-президент пен оның командасына қылмыстық іс қозғалды

/image/2019/07/19/crop-153_67_539x719_f0c5c1.jpg

Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы елдің экс-президенті Петр Порошенко мен бірнеше жоғары лауазымды тұлғалардың үстінен 11 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бюро директоры Роман Труба брифинг барысында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Риа Новостиге» сілтеме жасап.

Роман Трубаның айтуынша, Порошенконы "салық төлеуден және «Кузня на Рыбальском» зауытын сату барысында 300 млн долларды заңдастырудан жалтаруы мүмкін" деген іске куәгер ретінде шақырған.

Украинаның бұрынғы президентінің есімі бұған дейін бірнеше қылмыстық істе аталған болатын. Атап айтқанда, қызметін асыра пайдаланды, Керчь бұғазындағы оқиғада мемлекеттік сатқындық жасады, «Прямой» телеарнасын заңсыз иеленді, депутаттық фракция құруда жалған құжаттар жасады, билікті басып алмақ болды деген сияқты айыптар тағылды.

Десе де, экс-президентке қатысты әзірге нақты тергеу амалдары жүріп жатқан жоқ. Порошенконың өзі «Еуропалық істер» партиясының съезінде украин халқының алдында жауапкершілік арқалайтынын, ешқандай ізге түсушіліктен қорықпайтынын айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар