"Ислам дінін ұстанатын біреу осындай іс істесе, бірден террорист дер еді"

/image/2019/08/07/crop-27_13_358x637_a3e6df18aaff69666eb678164c9b8071_l.jpg

Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Алпамыс Файзолла адамға ісіне емес, нәсілі мен дініне қарап баға беретін мемлекеттер әлемді билеп отырғаны жөнінде ой қозғады.

"Бірнеше күн бұрын Американың Эль Пасо қаласында 21 жастағы күдікті 20 адамды атып өлтіріп, 20-дан астам кісіні жаралады. Арада бірнеше сағат өткен соң Дэйтон шаһарында тағы бір америкалық жұртқа оқ жаудырды. Салдарынан 9 тұрғын ажал құшып, 26 кісі жараланды. Келесі күні Чикагода қара көлік мінген әлдекім саябақта серуендеп жүрген 7 адамды атып жаралады.

Бірақ батыс мемлекеттерінің БАҚ-тары бұл үш жағдайға байланысты да "терракт", "террорист" немесе "содыр" деген сөздерді қолданған жоқ. "Атыс болды", "атушы" (shooter) немесе "шабуыл жасаушы" деген секілді бағытта жазды. Ислам дінін ұстанатын біреу осындай іс істесе, бірден террорист дер еді. Сонда әділдік қайда? Адамға ісіне емес, нәсілі мен дініне қарап баға беретін мемлекеттер әлемді билеп отыр. Біз де солар насихаттаған идеологияның шеңберінде ойланатынымыз өкінішті. Олар біздің санамызды басқаратыны өкінішті" дейді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар